Шымкентте он бес мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

0
843

4 мыңнан аса азамат қалада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолданған.


Шымкентте он бес мыңға жуық азамат тұрақты жұмыспен қамтылған

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында жыл басынан бері он бес мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаевтың айтып берді. Оның сөзіне сүйенсек, қалада қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 2019 жылдың басынан бері 4 мыңнан аса азамат жолданған.

Сондай-ақ, Шымкентте бос жұмыс орындарына азаматтарды жолдау жұмыстары да жүйелі жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, 2019 жылдың басынан бері 15 мыңға жуық азамат тұрақты жұмысқа орналастырылған.