Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 пайызға артты

0
896

Шымкент қаласы - Республикадағы ең ірі өнеркәсіптік орталықтардың бірі.


Шымкентте өнеркәсіп өнімінің көлемі 12 пайызға артты

Шымкентте өнеркәсіп саласында 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде қалада өнеркәсіп саласында 689 кәсіпорын белсенді жұмыс жасауда, оның 24 ірі және 49 орта кәсіпорындар. Онда 32 мыңнан астам адам жұмыс жасауда.

Осы кәсіпорындармен осы жылдың үш айында 180,4 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 41,4 млрд. теңгеге немесе 12,7 пайызға артық. Бірінші тоқсанның нақты көлем индексі бойынша 112,7 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Алматы облысынан кейін Шымкент қаласы төртінші орында.
Ал, өнеркәсіп саласында үлесі 83 пайызды құрайтын өңдеу өнеркәсібінде 149,8 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 37,4 млрд. теңгеге немесе 12,9 пайызға өсті. Осылайша, нақты көлем индексі 112,9% жетті. Бұл көрсеткіш бойынша Шымкент қаласы 6 орында.