Шымкентте опера орындаушыларының онлайн фестивалі өтеді

0
948

Фестивальге ТМД елдерінен және Қазақстандық кез-келген опера орындаушылары онлайн форматта өз бейне түсірілімдерін жолдау арқылы қатыса алады.


Шымкентте опера орындаушыларының онлайн фестивалі өтеді

«Шымкент 2020-ТМД-ның мәдени астанасы» жылы аясында 2020 жылдың 15-31 қазан аралығында ТМД-ға мүше мемлекеттер арасында опера орындаушыларының «Достастықтың опера жұлдыздары» атты онлайн фестивалі өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Фестиваль - ТМДелдері арасында мәдени ынтымақтастық ауқымын кеңейтіп, жаңа шығармашылық байланыстар орнату, классикалық музыканың биік шыңы саналатын опера өнерін әлеуметтік желі тыңдаушылары арасында насихаттау, жастар арасында классикалық музыканы кеңінен таныту, қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай әндерінкеңінен тарату мақсатында өтілмек.

Шымкент қалалық опера және балет театрының ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге ТМД елдерінен және Қазақстандық кез-келген опера орындаушылары онлайн форматта өз бейне түсірілімдерін жолдау арқылы қатыса алады.