Шымкентте отандасын өлтірген қытайлық азаматқа сот үкімі шықты

0
1 403

Қасақана кісі өлтіргені үшін 29 жастағы Қытай азаматы Се Чжичен кінəлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды.


Шымкентте отандасын өлтірген қытайлық азаматқа сот үкімі шықты

Шымкент қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотында отандасын өлтірген Қытай азаматыны қатысты сот үкімі оқылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қасақана кісі өлтіргені үшін 29 жастағы Қытай азаматы Се Чжичен кінəлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталушы қытайлық азамат Түркістан облысы кəсіпорындарының бірінде келісім шарт бойынша қызмет атқарып келген. Тіпті қытайлықтардан құралған жұмыс тобына басшылық еткен. Бригада мүшелеріне бригадир ретінде аванс, яғни айлық еңбекақыларынан ақша үлестіріп отырған. Биылығы жылдың мамыр айында қанды оқиға күні жұмысшылардың бірі реніш білдіріп, ешқандай да аванс ақша ламағанын айтып келеді. Екеуі асханада араздасып, жұдырықтасып кетеді. Бригада жұмысшысы қытайлық бригадирін ұрып құлатады. Ашуға мінген бригадир қолына асхана пышағын ала сап отандасының аяғнынан бірнеше рет, сосын кеудесінен жарақаттайды.

Пышақ соққылары дəл жүрегіне тиген қытайлық азамат, жұмысшы сол жерде жантəсілім еткен. Сот тергеуі кезінде өз отандасын өлтірген қытайлық азамат Се Чжичен өз кінəсін толық мойындаған. Бұл туралы Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Əбинұр Қарабаев мəлімдеді. Айта кету керек, сот үкімі əлі заңды күшіне енген жоқ.