Шымкентте өткен тәулікте 12 адам коронавирус жұқтырды

0
2 265

Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша "жасыл" аймақта.


Шымкентте өткен тәулікте 12 адам коронавирус жұқтырды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирусты жұқтырған 12 жағдай анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 2021 жылдың 3 наурызына дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 6183 жағдайы тіркелген. Оның 3151-і симптомды болса, 3032-і симптомсыз. Жалпы 5577 адам емделіп шыққан.
Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 жағдай тіркелген. Қазіргі уақытта қалада 1060 төсек-орын бар (жұқпалы – 560, карантиндік – 500), оның ішінде 871-сі бос. Ал, жұқпалы және карантиндік ауруханаларда 189 науқас ем қабылдауда.
Ескерте кетейік, қала тұрғындары карантин уақытында сақтық шараларын қатаң сақтағаны абзал. Әр адам бетперде тағып, адам көп шоғырланған жерге бармай, қоғамдық жерлерде арақашықтық сақтап жүргені дұрыс.