Шымкентте өткен тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды

0
798

Оның ішінде 14 адамда клиникалық белгілері жоқ.


Шымкентте өткен тәулікте 23 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласында өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 28 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 14 адамда клиникалық белгілері жоқ. Науқастанған 6 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 22 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 783 орын бар, төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, 614 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 169 науқас емделуде, жансақтау бөлімінде 130 төсек орын бар, 11 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 293 адам вакцина алды (I компонент- 154, II компонент- 139). Егу науқаны басталғалы барлығы 597 495 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 583 607 адам вакцинаның екі компонентін алды.
Pfizer вакцинасының I компонентін 47 455 адам, II компонентін 22 728 адам қабылдады. Сондай-ақ, 115 204 адам ревакцинацияланды.