Шымкентте өткен тәулікте 25 адамнан COVID-19 анықталды

0
2 271

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған.


Шымкентте өткен тәулікте 25 адамнан COVID-19 анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 25 азамат анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, Науқастардан карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 15 қаңтарға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 677 жағдайы тіркелді. Емделіп шыққандар саны – 5 347, қайтыс болғандар - 81.