Шымкентте өткен тәулікте 72 адамнан коронавирус анықталды

0
1 401

16 адам инфекциялық стационарға жатқызылды.


Шымкентте өткен тәулікте 72 адамнан коронавирус анықталды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкентте 6 сәуірде КВИ-дің 72 жағдайы тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

16 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 56 адам үй бақылауына алынған.

Шымкент қаласының аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Өткен тәулікте шаһарда (06/04/21) 373 нысанға (350 кәсіпкерлік нысан, 23 жеке нысан) тексеру жұмыстары жүргізіліп, оның ішінде 14 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталды.
Қазіргі таңда мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы 1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық – 560, Атамекен клиникасы – 500, ЖШС «14 емдеу орталығы» – 320 орын), төсек-орын толымдығы – 26,7%. 1012 төсек-орын бос. Инфекциялық стационарда 368 науқас емделуде.