​Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 38 адам тіркелді

0
606

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.


​Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 38 адам тіркелді

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған38 адам тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 38 тұрғынынан COVID-19 диагнозы нақтыланды:
  • 16-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған,
  • 2-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған,
  • 20-і скрининг нәтіжесінде анықталған.
Барлығы тиісінше инфекциялық стационарға жатқызылған.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

26.05.20 жылы қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 713 адам анықталды.