Шымкентте өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып әпкесіне хабарлама жіберген жас жігіт құтқарылды

0
807

Жігіт ес-түссіз жатқан жерінен табылған.


Шымкентте өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып әпкесіне хабарлама жіберген жас жігіт құтқарылды

илююстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкентте өз-өзіне қол жұмсайтынын айтып әпкесіне хабар берген жас жігіт құтқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар Департаментінің «112» құтқару қызметіне 21 тамызда сағат 17:47-де көмек көрсету туралы хабар келіп түскен. Шымкент қаласы, Абай ауданы, 8-шағын ауданындағы көпқабатты үйдің тұрғыны, азаматша інісі ұялы телефон арқылы өз-өзіне қол жұмсау туралы СМС хабарлама жібергенін және пәтердің есігін ашпай жатқандығын айтты.

Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД «Жедел құтқару жасағы» ММ құтқарушылары жетіп, пәтер есігін слесарлық құралдармен ашты. Пәтердің жатын бөлмесінде 2001 жылы туылған жас жігіттің ес-түссіз жатқанын анықтады. Шымкент қаласы ТЖД «Апаттар медицина орталығы» филиалының қызметкерлері алғашқы медициналық көмек көрсетіп, реаномобиль автокөлігімен Шымкент қаласындағы «Орынбаев» атындағы гипербариялық оксигинация орталығына жеткізді.

Қазіргі таңда науқасқа «Аллергияға қарсы дәрілік препараттармен улану» диагнозы қойылды, жағдайы бірқалыпты жақсы және ол дәрігерлердің бақылауында.