Шымкентте өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігіт құтқарылды

0
2 607

Жігіттің бұл қадамға баруына қызымен жанжалдасуы себеп болған.


Шымкентте өз-өзіне қол жұмсамақ болған  жігіт құтқарылды

Шымкентте полицейлері өз-өзіне қол жұмсамақ болған жігітті құтқарды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

28 қаңтар күні сағат 19:00 шамасында Х.Арғынбеков пен Е.Қазиев көшелерінің қиылысында кезекшілікте тұрған Полиция қызметкерлеріне азаматтар келіп, Дендропаркта өз өзіне қол жұмсамақшы досын іздеп жүргендерін айтқан.


Хабарлама бойынша Патрульдік полиция полкінің екі автоэкипажы саябаққа келіп, бүкіл аумақты аралай бастайды. Полиция қызметкерлері жігітті беседканың жанынан тауып, онымен диалог орнататқан. Тәртіп сақшылары жігітке барынша жақындаған кезде, ол беседканың қоршауына көтеріліп, мойнына жіп іліп, секіріп кеткен. Үйлесімді жұмыс пен кәсіпқойлықтың арқасында полиция қызметкерлері оны көтеріп, жіпті үзіп, төмен түсірген.


Оқиғадан кейін азамат ауруханаға жеткізілген. Тексеру барысында жігіттің бұл қадамға баруына қызымен жанжалдасуы себеп болғаны анықталған.