Шымкентте Өзбекстанның 6 азаматы құлаған құрылыс астында қалды

0
929

Ауданы 1500 шаршы метр болатын жаңадан салынып жатқан ғимараттың төбесіндегі темір каркастар опырылып түскен.


Шымкентте Өзбекстанның 6 азаматы құлаған құрылыс астында қалды

Шымкент қаласында құрылыс нысанының төбесі опырылуы салдарынан алты жұмысшы жарақат алып, олар №3 қалалық ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, 21 қарашада сағат 15.30 шамасында Шымкент қаласының Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын үй кешенінде, Ибрахим ата көшесіндегі ауданы 1500 шаршы метр болатын жаңадан салынып жатқан ғимараттың төбесіндегі темір каркастар опырылып түскен.

Сондай-ақ, төбенің опырылуы салдарынан алты жұмысшы жарақат алып, олар Шымкент қалалық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері келгенге дейін №3 қалалық ауруханаға жеткізілген.

«Олардың барлығы – 1996, 1981, 1989, 1979, 1978, 1986 жылы туылған Өзбекстан Республикасының азаматтары. Оқиға орнына кинологиялық бригада келіп, үйінділер астынан зардап шеккендерді іздеді. Үйінді астынан зардап шеккен немесе мертіккен адам табылмады. Төтенше жағдай орнына 24 өрт сөндіру қызметінің, 8 құтқару қызметінің жеке құрамы мен 2 техника жұмылдырылды», - делінген ТЖ департаментінің хабарламасында.