​Шымкентте пластик бутылка жасауға арналған шикізат қоймасы өртенді

0
1 150

Өрттің көлемі шамамен 800 шаршы метрді құрады.


​Шымкентте пластик бутылка жасауға арналған шикізат қоймасы өртенді

иллюстрациялық фото

Шымкент қаласында «Визит» ЖШС-ның аумағынан өрт шығып, пластик бутылка жасауға арналған шикізаттар жанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

02.08.2020 жылы сағат 11:07-де Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Төлеби 11 үйде орналасқан «Визит» ЖШС-не қарасты жалпы көлемі шамамен 2000 шаршы метр шикізат қойма және жапсарласа соғылған бастырманың астындағы пластик бутылка жасауға арналған шикізаттар жанды.

Өрттің көлемі шамамен 800 шаршы метрді құрайды. Оқиға орнына №2 шақыртумен 21 техника мен 89 қызметкер жұмылдырылды.