Шымкентте полиция автокөлігі аударылды

0
1 086

Шымкенттік полиция қызметінің автокөлігі "Toyota Camry" маркалы автокөлікпен соқтығысқан.


Шымкентте полиция автокөлігі аударылды

Шымкентте жергілікті полиция қызметінің автокөлігі жол апатына ұшырап аударылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласының полиция қызметкерлері Жібек-Жолы мен Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында орын алған жол-көлік оқиғасын анықтады.

Онда Жібек-Жолы көшесінің бойымен Т.Рысқұлов көшесі жағынан Ж.Аймауытов көшесіне қарай жүріп келе жатқан "Toyota Camry" маркалы автокөлік жол бермей, Жібек-Жолы көшесімен Т.Рысқұлов көшесіне қарай қарсы бағытта келе жатқан Жергілікті полиция қызметінің "JAC S5" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасының салдарынан екі автокөлікке де материалдық шығын келтірілген. Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін жүргізушілер үйлеріне қайтарылған. Автокөліктерде жолаушылар болмаған.

"Toyota Camry" автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды.