Шымкентте пробация есебінде тұрған азаматтарға бос орындары жәрмеңкесі өтті

0
1 952

Жәрмеңке жұмыс берушілердің өздеріне қажетті мамандарды таңдауына және жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына себеп болуда.


Шымкентте пробация есебінде тұрған азаматтарға бос орындары жәрмеңкесі өтті

Шымкентте пробация есебінде тұрған азаматтарға жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жәрмеңкеге 28 жұмыс беруші мекеме қатысып, 1500-ге жуық жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде 350-і - тұрақты жұмыс орындары.

Cонымен қатар "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 - 2021 жылдарға арналған бағдарламасы" аясында мыңнан аса уақытша бос жұмыс орындарына да арнайы есепте тұрған азаматтардың орналасуына мүмкіндік туды.

"Жыл басынан бері пробация қызметінің есебінде тұрған 83 азамат тұрақты жұмыс орындарына, 1 әлеуметтік бос жұмыс орнына, 1 жастар практикасына, 1 ақылы қоғамдық жұмыс орнына, 17 азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жолдамамен жолданды, - дейді Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының маманы Әділет Өмірсейіт.

Жалпы, жыл басынан бері Шымкентте пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарға арналған жәрмеңке осымен екінші рет ұйымдастырылды. Жұмыссыздықты жою мақсатында ұйымдастырылған бұл шаралар жұмыс берушілердің өздеріне қажетті мамандарды таңдауына және жұмыссыз азаматтардың жұмысқа орналасуына себеп болуда.

Дереккөз: Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі