Шымкентте Ресейдің жас әртістері өнер көрсетті

0
962

Аталған ұйым – Ресейдегі бірегей балалар кәсіби музыкалық театры және балаларға арналған театр қоғалысының көшбасшысы болып есептеледі.


Шымкентте Ресейдің жас әртістері өнер көрсетті

Шымкент қалалық қуыршақ және жас көрермендер театрында Ресей Федерациясының Балалар музыкалық жас актер театрының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған театр ұжымы шымкенттік көрермендерге «Фантазии на тему Дунаевского» тақырыбындағы музыкалық спектакльді ұсынып, оның әрбір әуені: өлең жолдары, спектаклді музыкалық сүймелдеуі, оперетталары, кинематография тарихына енген кеңестік дәуірдегі танымал фильмдердің саундтректеріуақыт сынынан сүрінбей өткендігін паш етті. Сонымен қатар, спектакль Ұлы Жеңістің 75-жылдық мерейтойына арналып, адам тағдырындағы нәзік сезімдерді – шынайы өмірді, шынайы эмоцияларды, соғыстың бірінші күнінен бастап Жеңіс күніне дейінгі қоштасу, алаңдау, айрылу, кездесу сынды адами сезім толқындарын тебіренте орындап шықты.

Сондай-ақ, мәскеулік Балалар музыкалық жас актер театрының қайырымдылық гастролдерін ұйымдастырып жүрген «Россотрудничество» ұйымы алдағы уақытта жас әртістердің концерттерін өткізу арқылы, ТМД және шет елдерде ресейлік мәдениетті ілгерілету мақсатын көздеп отыр.

Айта кетейік, Балалар музыкалық жас актер театры – Ресейдегі бірегей балалар кәсіби музыкалық театры және балаларға арналған театр қоғалысының көшбасшысы болып есептеледі.