Шымкентте республикалық жас ақындар айтысы өтті

0
2 227

Айтыстың бас жүлдесін шымкенттік ақын еншіледі.


Шымкентте республикалық жас ақындар айтысы өтті

Шымкент қаласында «Жастар жылы» мен ҚР Конституциясы күніне орай «JASTYQTYN’ JАLАÝY - SHYMQALA» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Аталған дүбірлі додаға Шымкент қаласы, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарымен бірге көршілес Өзбекстан Республикасынан жалпы саны 12 жас ақын қатысып, өзара сөз шеберін анықтады.

Сондай-ақ, қала әкімі Ерлан Айтаханов бастаған барлық ұлттық өнер жанашырлары қатысқан жас ақындар айтысына белгілі айтыскер ақындар – Бекарыс Шойбеков, Маржан Есжанова, Карима Оралова, Анар Жаппарқұлова, Нұрлыбек Мейірманов қазылық етіп, ақын Бекмұрат Анарбаев тәуелсіз сарапшы ретінде өз бағасын беріп отырды.


Айтыс қорытындысы бойынша бас жүлдеге ие болған шымкенттік Қажымұхан Абзаловқа 1 000 000 теңге, І орын алған түркістандық Нұрмахан Жақыпбекке 700 000 теңге және ІІ орынды қажылаған елордалық Аян Ниязбекке 300 000 теңге, ал ІІІ орыннан көрінген алматылық Сырым Әуесханға 200 000 теңге жүлде қоры табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушы жас ақындар 100 000 теңге көлеміндегі қаржылай сыйлық пен қала әкімінің арнайы дипломымен марапатталды.