Шымкентте республикалық жас блогерлердің кездесуі өтті

0
938

Танымал блогерлер «Әлеуметтік желі және блогинг», «Бес сұрақ, бес жауап» және «Киберпсихология» тақырыптарында дәріс оқыды.


Шымкентте республикалық жас блогерлердің кездесуі өтті

«Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының Шымкент қаласындағы филиалында #СтопснятовБалдаурене атты Республикалық жас блогерлердің кездесуі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, «Блогқұрылтай», «Блогкемп» шараларының үйлестірушісі, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығы басшының орынбасары Данияр Алан, сонымен қатар еліміздегі блогосфераның негізін қалаушылардың бірі, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының, 2016 Республикамыздың үздік блогері атанған Асхат Шотаев қатысқан іс-шара барысында блогерлер 11-ауысым демалушыларына «Әлеуметтік желі және блогинг», «Бес сұрақ, бес жауап» және «Киберпсихология» тақырыптарында дәріс оқып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сонымен қатар, «Ақпаратты не ерте бер, не мүлдем берме», «Тек қана қолтума материалдарды жариялау», «Айналымдағы сөздік қорға негізделу, академиялықты азайту» және «Кез келген оқиға мен жаңалықтан «Қазақстандық мазмұн» іздеу» секілді өз тәжірибелерінен түйген кеңестерін жас блогерлерге түсіндірді.

Сондай-ақ, блогерлердің арасында патриоттық тәрбиені күшейтіп, бос уақытты тиімді пайдалануға шақырған қонақтар балдәурендіктерге жастар саясатының жүзеге асуына бағыт бағдар беріп, сәттілік тіледі.