Шымкентте санитарлық талаптарды сақтамаған 13 білім мекемесіне айыппұл салынды

0
751

Санитарлық қажеттіліктерді сатып алу үшін мекемелерге 66 842,9 мың тг қаржы қаралған.


Шымкентте санитарлық талаптарды сақтамаған 13 білім мекемесіне айыппұл салынды

Шымкентте санитарлық талаптарды бұзған 13 мектеп анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева мәлімдеді.

- Пандемия жағдайына байланысты санитарлық талаптарды сақтамаған 13 мектеп анықталды. Білім беретін мекеме басшыларына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, айыппұл салынды, - дейді Жанат Арыстанбекқызы.

Қалада санитарлық қажеттіліктерді сатып алу үшін мекемелерге 66 842,9 мың тг. қаржы қаралған. Қазіргі таңда барлық білім беру ұйымдары толығымен санитарлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген.