Шымкентте санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр

0
423

Аудан аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар, аялдамалар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде.


Шымкентте санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласы Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда. Аудан аумағындағы негізгі көшелер мен аяқ жолдар, аялдамалар мен ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары жүргізілуде. Мұндағы механикалық және қолмен тазалау жұмыстарын «Zhasyl zher» ЖШС -гі атқаруда. Аталған мекеме тазалық жұмыстарын орталық көшелерде күнделікті жүргізеді.
Жалпы санитарлық тазалық жұмыстарына 45 техника мен 180 адам жұмылдырылған.
Қаратау ауданында жалпы 524 аялдама мен 200 шаршы метрге жуық аяқжол бар.