Шымкентте сату мамандарын даярлау бойынша оқыту курсы іске қосылады

0
1 235

Оқу мерзімі – тәжірибелік сабақтарға басымдық берілген 4 ай және оқыту аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады.


Шымкентте сату мамандарын даярлау бойынша оқыту курсы іске қосылады

Жаңа жылдан бастап Шымкент бизнесі сауда мамандарын дайындау процесіне қатысатын болады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев «Сауда академиясы» жобасының таныстырылымында мәлімдеді. Жоба Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы және «Silkway» халықаралық университетімен бірлесіп қолға алынған. Аталмыш жоба осы университетің базасында жүзеге асырылмақ.

Өз сөзінде Палата директоры жаңа оқыту курсын құрудың неліктен қажет екендігін түсіндірді.

«Біз отандық өндірушілердің 169 компаниясылары мен сауда желілерінің, сауда ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлері мен базарлардың шарттары мен талаптарына сараптау жүргіздік. Барлығында бір жалпы проблема байқалады, ол– өнімді өткізу проблемасы. Бұл сауда инфрақұрылымының қазіргі жағдайы мен саудамен айналысатын кәсіпкерлердің құзыреттілігі нарықтың нақты қажеттіліктеріне жауап бермейтінін көрсетеді. Өткізу, сату және логистика жөніндегі менеджерлер, сауда өкілдерінің әрдайым тиісті білімі мен тәжірибесі бола бермейді немесе бұл осы бағытта одан арғы перспективаны бағдарламай жұмыс жасайтын тұлғалар. Оның үстіне, Шымкент өңірдің екі ірі экономикасын қосатын маңызды сауда хабы болып табылады және бүкіл өңірден тауарларды тасымалдау үшін транзиттік торап қызметін атқарады. Осыған байланысты біз сауданың жекелеген сегменттерін дамыту бойынша кешенді тәсілдерді қамтитын сауданы дамыту мен отандық тауар өндірушілердің өнімдерін жылжытудың мақсатты бағдарламасын әзірлеуаса қажет деп санадық», - деп атап өтті Нұрлан Қабыштаев.

Оның айтуынша, Шымкент қаласының кәсіпорындары мен компанияларында қалыптасқан жағдай бойынша логистика және т.б. бойынша функциялармен басшы немесе оны алмастыратын тұлға айналысады, ал ол тұлғалардың арнайы білімі жоқ.Кәсіпкерлер атап өткендей, бүгінгі таңда сату бойынша мамандарды Қазақстандағы бірде-бір оқу орны даярламайды.Бірқатар кәсіпорындар өткізу тізбегін дамыту және сатуды ұлғайту мақсатында (мысалы «АГФ груп» ӨК ЖШС және «Әлем-БТ» ЖШС) шетелдік кеңесшілерді тартады.

«Кәсіпорындардың саудасын дамытуда маркетингтің әсерін, сондай-ақ сату саласындағы құзыреттерді дамытудың маңыздылығын ескере отырып, біз кәсіпорындардың құзыретін күшейту қажет деп санадық. Осыған байланысты біз «Сауда академиясын» құру бастамасын ұсындық», - дейді Палата директоры.

Бизнеспен бірге әзірленген оқыту курсының бағдарламасы кең контингентке есептелген (студенттер, түлектер, компания қызметкерлері, кәсіпкерлер және т.б.), оқу мерзімі – тәжірибелік сабақтарға басымдық берілген 4 ай және оқыту аяқталған соң тыңдаушыларға сертификаттар табысталады. Оқыту түрі – кешкі.

Оқыту бағдарламасы барлық қажетті құзыреттерді қамтиды, олар сауда нысандарын басқарудың кәсіби дағдылары: көтерме, бөлшек, интернет-кеңістіктегі сауда, сатып алу-сату бойынша мәмілелерді ресімдеу, қол қойылатын шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, өткізу бойынша шаруашылық-қаржылық операциялар, баға және тауар саясатын жүргізу, лизинг операциялары, маркетинг және т.б.

Бұл жобаға оқыту үдерісіне қатысуға, тәжірибе базаларын ұсынуға, сондай-ақ курс түлектерін жұмысқа орналастыруға дайын ірі компаниялар (Фиркан» және «Эврика» сауда желісі, «Отау Строй» компаниясы, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС халықаралық компаниясы, «Shymkent Plaza» СОО және т.б.) жұмылдырылды. Осы компаниялардың ішкі нарықта және шетелде сату саласында табысты тәжірибесі бар өкілдері дәріс оқытушылар ретінде тартылатын болады.