Шымкентте шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуде

0
1 148

Қалада 72 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер бар


Шымкентте шағын және орта бизнеске қолдау көрсетілуде

Елімізде әлемде болып жатқан жатқан пандемия жағдайының зардабы шағын және орта бизнестің дамуына тұсау болып отырғаны анық байқалады. Осыған байланысты Шымкент қаласында да пандемия жағдайында шағын және орта бизнеске ерекше көңіл бөлінді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шағын және орта бизнеске көрсетіліп жатқан қолдаулар туралы баяндады.

– Індеттен зардап шеккен 26 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі мүлік және табыс салықтарынан босатылды. Сонымен бірге, кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қалпына келтіру үшін 1 482 субъектінің 13 млрд. теңге несие төлемдерін кейінге қалдыру арқылы қолдау көрсетілді, - деп атап өтті қала әкімі.


Жалпы қазіргі таңда, қалада 72 мыңнан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бар, онда 160 мыңнан аса адам жұмыспен қамтылған. Қала бойынша жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 28,4 пайызды құрайды.