Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған онлайн концерті өтеді

0
1 059

Концерт барысында Шәмші әндері мен өмірбаянына шолу жасалынады.


Шымкентте Шәмші Қалдаяқовтың шығармашылығына арналған онлайн концерті өтеді

"Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК-ның ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Әнұранының авторы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың 9️0 жылдығына арналған «Ақмаңдайлым» online концерті өтеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

23 қазан, сағат 19:00-де "Шымкент қалалық мәдениет үйі" концерттік ұйымы" МКҚК-ның инстаграм парақшасында (@dk_shymkent) "Ақмаңдайлым" online концерті өтеді.
Концерт барысында Шәмші әндері мен өмірбаянына шолу жасалынады.
Концертті @dk_shymkent парақшасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар!