Шымкентте шетелдік инвесторлардың қатысуымен 15 жоба жүзеге асырылып жатыр

0
661

Қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.


Шымкентте шетелдік инвесторлардың қатысуымен 15 жоба жүзеге асырылып жатыр

2019 жылдың қорытындысымен қалаға 194,5 млрд. теңге инвестиция тартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен 45,9 млрд. теңге, меншікті қаражат есебінен 113,0 млрд. теңге, банктердің кредиттері – 11,7 млрд. теңге, басқа да қарыз қаражат - 23,8 млрд. теңге.

Қалада Польшалық «Polpharmagroup», Оңтүстік Кореялық «LОТТЕ», неміс «Heidelberg Cement Group» компаниясы, қытайлық «SinYuanSteel», түркиялық «Картал Хали» және басқа да ірі шетелдік компаниялар белсенді жұмыс істеуде.
Қала аумағында шетелдік инвесторлардың қатысуымен 2,5 млрд. АҚШ долларын құрайтын 15 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ, қала әкімдігі 40-тан астам шетелдік инвесторлармен кездесулер өткізіп, нәтижесінде Ресейлік, Сингапурлық, Қытайлық және Нидерланды елдерінен келген инвесторлармен келісімге келді.

Сонымен қатар, Өзбек инвесторларының қатысуымен есепті жылдың 5 желтоқсанында қаламызда бірнеше жылдан бері тоқтап тұрған "Альянс" ЖШС (бұрынғы "Ютекс" АҚ) жіп иіру фабрикасы іске қосылды.