«Шыны баланың» ата-анасын алдағандарды қолға түсірген шымкенттік полицейлер марапатталды

0
1 134

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыркүйек айында аляақтарды қолға түсірді


«Шыны баланың» ата-анасын алдағандарды қолға түсірген шымкенттік полицейлер марапатталды

ERNUR.KZ. Шымкентте «шыны баланың» ата-анасын алдаған алаяқтарды қолға түсірген полицейлер марапатталды. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының басшылығы өз өмірін тәуекелге тігіп, қызметінде ерлік көрсеткен тәртіп сақшыларына құрмет көрсетті, деп жазады ҚазАқпарат.

Әл-Фараби полиция бөлімінің басшысы Сейітжомарт Сейітханға, шұғыл уәкіл Ғаламат Бимахановқа және таяуда басқа күдіктілерді қолға түсірем деп, жарақат алған учаскелік полиция қызметкері Нұржан Омаровқа партияның алғыс хаты мен естелік сыйлықтар тапсырылды.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында Орал қаласында тұратын сүйегі сынғыш баланың отбасын Шымкент тұрғыны алдап, ақшасыз қалдырып кеткен болатын. Науқас перзентіне қымбат тұратын ота жасатпақ болған ата-анасы үйлеріне де қайта алмай, Шымшаһарда қалып қалған. Бұл оқиғаны «Нұр Отан» партиясы бақылауына алып, құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыркүйек айында аляақтарды қолға түсірді. Қала тұрғындары көмекке мұқтаж балаға қолдау көрсетіп, олар Астанаға еміне аттанып кеткен еді.

«Полицейлердің жанкешті еңбегінің нәтижесінде алаяқтар қолға түсті. Сонымен қылмыскер ұсталды деп қоя салдық. Дегенмен, олардың қолына кісен салған тәртіп сақшыларының кім екені, қылмыстың қандай қиындықтармен ашылғаны айтылмады.Шаһардың тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігіне жауапты құқық қорғау органдары қызметкерлерінің еңбегін ескеруіміз қажет. Олар - нағыз кәсіби мамандар», - деді «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов.