Шымкентте синоптиктер дауылды ескерту жариялады

0
2 550

Ағаштар мен ескірген ғимараттардың маңына жеке көлікті қоймауды ескертеді.


Шымкентте синоптиктер дауылды ескерту жариялады

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» Шымкентте дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Олардың айтуынша, 19 наурыз күні таңертең және күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетуі мүмкін.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар департаменті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтарына қырағы болып, ауа-райы туралы ақпаратты қадағалап отыруға шақырады.
Мамандар қала тұрғындарын көшедегі бағана, ағаш, жарнама тақтайшалары, электр тіректері мен сымдардан аулақ болуға шақырады. Сонымен қатар ағаштар мен ескірген ғимараттардың маңына жеке көлікті қоймауды ескертеді.