Шымкентте соңғы тәулікте 13 адамнан коронавирус анықталды

0
518

Төсек-орын толымдығы 13%-ды құрайды.


Шымкентте соңғы тәулікте 13 адамнан коронавирус анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 13 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус анықталған 11 адамның белгілері бар болса, екеуінде белгілері жоқ. Қазір 2 науқас инфекциялық стационарға жатқызылып, 11 адам үй бақылауына алынған.
Бүгінде қаладағы инфекциялық стационарларда барлығы 718 орын әзірленіп, төсек-орын толымдығы 13%-ды құрайды, 625 төсек орын бос. Инфекциялық стационарда 93 науқас емделуде. Жансақтау бөлімінде – 115 төсек орын бар, 16 науқас ем қабылдауда.
Бір тәулік ішінде қалада 270 адам вакцина алған (I компонент- 88, II компонент- 182). Жалпы егу науқаны басталғалы барлығы 597 748 адам вакцинацияланды. Оның ішінде 584 095 адам вакцинаның екі компонентін салдырған.
Pfizer вакцинасының I компонентін 49 344 адам, II компонентін 26 023 адам қабылдады. Сонымен қатар, 121 293 адам ревакцинацияланды.