Шымкентте стенд атудан ҚР кубогі өтіп жатыр

0
700

100-ден астам спортшы қатысуда.


Шымкентте стенд атудан ҚР кубогі өтіп жатыр

Шымкент қаласында 20-27 ақпан аралығында стенд атудан ҚР Кубогінің I-ші кезеңі мен Шымкент қаласы кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің ашық турнирі өтуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

«Элдорадо» спорттық кешенінде өтіп жатқан жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, сонымен қатар Алматы, Қызылорда, Павлодар облыстарынан 100-ден астам спортшы қатысуда.

Жарыстың мақсаты - Қазақстан Республикасында Стенд ату спортын танымал ету, спортшылардың шеберлігін шыңдау, оларды алдағы республикалық және халықаралық жарыстарға дайындау.
Спорт додасында Азия ойындары, Азия Чемпионаттары мен «Азия балалары» халықаралық спорттық ойындардың чемпиондары мен жүлдегерлері өз шеберліктерін көрсететін болады.
Жарыстар санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көрермендердің қатысуынсыз (бос трибуналарда) өткізілетін болады.