​Шымкентте Студенттерге қызмет көрсету орталығын ашылды

0
2 025

Елбасымыз келесі жылды Жастар жылы деп атады. Жастарға ең басты қолдау – білім алуға барлық мүмкіндіктерді жасау болып табылады.


​Шымкентте Студенттерге қызмет көрсету орталығын ашылды

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 75 жылдық мерейтойына орай «Smart Square»студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Университет қабырғасында ашылған орталықтың салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев қатысты.

Салтанатты іс-шарада Ерлан Кенжеғалиұлы және Әли Амантайұлыашылу лентасын қиып, құттықтау сөздерін жеткізді.

«Smart Square» студенттерге қызмет көрсету орталығы – бұл қызмет алу кезінде ашықтық пен қолжетімділікке жағдай жасауға, қызмет көрсетудің жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, білім беру сапасын арттыруға және академиялық адалдық қағидаттарын ілгерілетуге арналған университеттің қызмет көрсету орталығы.

Студенттерге қызмет көрсету орталығының мақсаты "бір терезе" қағидасы бойынша студенттерге сапалы және жылдам қызмет көрсету үшін жағдай жасау және білім алушыларға оқу-білім беру, әлеуметтік-тұрмыстық және мәдени-тынығу бағыттарындағы қызметтерін ұсыну болып табылады.

Орталықта 200-ге жуық қызмет түрлері көрсетілетін болады және ақылды технологиялардың көмегімен қызмет көрсету алаңында 40-50 студент бір уақытта анықтама ала алады.