Шымкентте су арналарын тазалау жұмыстары жүргізілді

0
716

10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды.


Шымкентте су арналарын тазалау жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында көктемгі жауын-шашынның салдарынан су шаю қаупін алдын алу мақсатында қалада ирригациялық жүйелерді тазарту жұмыстары қарқын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазір Сайрам тұрғын алабында орналасқан Ұлық, Ұлық-2, Қызылсу, Құралас, Ханка су арналарын қолмен тазалау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесінде осы су арналарынан күніне 45 куб, 10 күнде 450 куб тұрмыстық қалдықтар мен күл қоқыстар шығарылды. Тазалық жұмыстарына арнайы бригадалар мен техникалар жұмылдырылды.