Шымкентте су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
657

Бүгінде басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер тұрақты бақылауда.


Шымкентте су сору жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкентте демалыс күндері басталған жауын-шашын әлі толастар емес. Қазіргі таңда қалалық коммуналдық қызметтер тәулік бойы жұмыс істеп, көшелер мен жолдардағы суды сору жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мол жауын-шашынның салдарынан жиналған арық-жылғалардағы суды сору жұмыстарына Әл-Фараби ауданында 5 ассенизаторлық машина, 2 мотопомпа құрылғысы және 57 жұмысшы тартылды.
Ауданда санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі жүргізу үшін бөлінген 7 секторда кезекшілік құрылып, бекітілген мамандар өз аумақтарында ирригациялық арықтарды судан тазартуда.

Бүгінде басты және ішкі орамдық көшелер мен жол бойындағы ирригациялық жүйелер тұрақты бақылауда.