​Шымкентте судан таршылық көрген саяжай тұрғындарының мәселесі шешілді

0
1 948

Еске сала кетейік, «Жаңа Тұрлан» саяжайының тұрғындары өткен жылдың қазан айынан бері ауыз суға қол жеткізе алмай келген.


​Шымкентте судан таршылық көрген саяжай тұрғындарының мәселесі шешілді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының солтүстік батысында орналасқан «Жаңа Тұрлан» саяжайының тұрғындары таза суға қол жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өткен айда Шымкент қаласының солтүстік батысында орналасқан «Жаңа Тұрлан» саяжайының тұрғындары ауыз суға қолдары жетпей отырғанын, саяжайдағы жеке ұңғыманың су тартқыш құралдары мүлде істен шыққанын айтып, биліктегілерден көмек сұрағанын жазған болатынбыз.

Еске сала кетейік, «Жаңа Тұрлан» саяжайының тұрғындары өткен жылдың қазан айынан бері ауыз суға қол жеткізе алмай келген. Сонымен қатар, тұрғындар саяжайдағы ауыз су мәселесінің бірнеше жылдан бері шешімін таппай келе жатқанын айтып, шағым жасаған болатын. Тіпті, ашық наразылық шарасын ұйымдастыру ойлары бар екенін де жеткізген.

Осыған орай, Шымкентқалалық мәслихатының депутаты Ерболат Нұрмаханов саяжайға барып, барлық жағдаймен танысқан еді. Халықпен жүзбе-жүз кездескен депутатсу тартқыш құрал жөнделгенше суды таситын көлікпен қамтамасыз етуге уәде беріп, ол уәдесі орындалған болатын.

Жақында аталған елді мекендегі ауызсу мәселесі толықтай шешіліп, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесіЕрболат Нұрмахановқа халықтың дән риза екеніне куә болдық. Депутат саяжай тұрғындарымен кездесу барысында ашудан ашынған халықтың жағдайын тереңнен түсіне отырып, оларға рухани тұрғыдан да көмек бере білді. Жергілікті тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қандай да бір мәселенін шешімі табылатын, оған уақыт керектігін айтып жеткізді. Ал ауызсумен қамтамасыз ету барысында өз тарапынан жәрдем беріп, су тартқыш құралдың қалпына келтіру жұмыстарын жасатып, жөндеп берген.

«Ерболат Нұрмаханов тұрғындардың арманына айналған ауызсу мәселесін шешіп берді. Су тартқыш құрал жөнделгенше өзі уәде еткендей, су таситын көліктермен ауызсу жеткізіп тұрды. Бүгін міне өз тарапынан көмек көрсетіп, насосты жөндеп беріп отыр. Қазір осы саяжайдағы 100-ге жуық үй ауыз сумен қамтамасыз етілді. Халық ол кісіге өте риза», - дейді тұрғындар.

Айта кетейік, бұл аумақты ауызсумен қамту алдағы уақыттарға жоспарланған. Тұрғындар қалалық су жүйесіне қосылғанға дейін су ұңғымасының көмегімен ауызсу тұтына алады.