Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

0
2 543

Парақорлықпен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілген.


Шымкентте сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті

Бүгін қалалық төтенше жағдайлар департаментінің ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиынға Департамент басшысы А.Жұмағали мен оның бірінші орынбасары Т.Серікбаев, қалалық ақпараттық-ағартушылық штабының жетекшісі С.Мәжінбеков, қалалық төтенше жағдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы А.Бейсебаев және жеке құрам қатысты.


Кездесуде сөз алған Асхат Жұмағали Агенттік тарапынан жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалар мен Департамент тарапынан жүргізіліп жатқан іс-шаралар, жемқорлықпен күрестегі мемлекеттік органдардың рөлі жайында мәлімдеді.


Сонымен қатар, Асхат Жұмағали Мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында парақорлықпен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік күшейтілгенін және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынғанын хабарлады.


Шараны қорытындылаған қалалық төтенше жаңдайлар департаменті басшысының міндетін атқарушы Аманбек Бейсебаев жемқорлықтың алдын алу, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып, бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға дайын екендіктерін жеткізді.