Шымкентте «Сыған серенадасы» музыкалық драмасының премьерасы өтеді

0
3 774

Қойылым 27, 28, 29 қаңтар күндері, сағат 18.30-да өтеді.


Шымкентте «Сыған серенадасы» музыкалық драмасының премьерасы өтеді
Жұмат Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрында Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» музыкалық драмасының премьерасы өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қойылым 27, 28, 29 қаңтар күндері сағат 18.30-ға жоспарланған.

Драманың қоюшы режиссері – Ш.Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов, Жұмабек Есімов, қоюшы суретші – ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.

Музыкалық драмада бір әннің шығу тарихымен қатар, қазақ вальсінің королі, композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмір жолы көрініс табады.