​Шымкентте сынбайтын терезелерімен ерекшеленетін жаңа аялдама орнатылмақ

0
937

Орнатылатын кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды.


​Шымкентте сынбайтын терезелерімен ерекшеленетін жаңа аялдама орнатылмақ

Шымкентте екі түрлі үлгіде 260 жаңа аялдама орнатылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Орнатылатын кішкентай аялдаманың құны 900 мың теңге болса, үлкені 2 миллион теңгені құрайды. Кіші аялдамаларды жолаушысы аз мекендерге қою жоспарлануда.

Жаңа аялдамалар бұрынғысынан сынбайтын терезелерімен ерекшеленеді.

Сондай-ақ, аялдамалардың ені бұрын 60 см болса, қазіргісі 40 см болып қысқарады. Оның себебі, белгілі бір тұрғылықты жайы жоқ азаматтар аялдаманы паналамауы үшін жасалған.

Қоғамдық көлік жүйесін жаңарту кезінде атқарылған жұмыс нәтижесі шалғай елдімекендерге әлі де болса 1200 қоғамдық көлік аялдамасы қажет екенін көрсетті. Бұл мәселе алдағы 4-5 жыл ішінде кезең-кезеңімен шешілетін болады.