Шымкентте тағы 28 адамның корнавирус жұқтырғандығы анықталды

0
678

Мегаполисте барлығы 131 адам коронавирус жұқтырды.


Шымкентте тағы 28 адамның корнавирус жұқтырғандығы анықталды

Шымкент қаласында тағы 28 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 28 адам туралы ақпарат шықты.

(22.04.2020 жылғы сағат 22-50-дегі мәлімет бойынша)
Вирус жұқтырған 28 азаматтардың барлығы өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.
ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
22.04.2020 жылғы жағдай бойынша қалада COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 131 адам.