Шымкентте тағы 6 адам коронавирус жұқтырды

0
697

Шымкентте коронавиурс жұқтырғандар саны 222-ге жетті.


Шымкентте тағы 6 адам коронавирус жұқтырды

Шымкентте тағы 6 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Вирус жұқтырған 1989 жылы туған ер азамат пен 2002 жылы туған азаматша жақын шет елден келген, Атырау облысынан вахталық жұмыстан келген 1983, 1984, 1987 жылы туған ер азаматтар және Шымкент қаласында тұратын 1976 жылы туылған азаматша, өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Олар карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 222 адам.