​Шымкентте тағы бір адам коронавирус жұқтырды

0
1 035

Шымкентте коронавирус жұқтырған 12-ші науқас Нұр-Сұлтан қаласынан келген ​25 жастағы азаматша.


​Шымкентте тағы бір адам коронавирус жұқтырды

Шымкент қаласында 4 сәуір күні коронавирус жұқтырған тағы 1 жағдай тіркелді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаладағы 8-шағынауданда тұратын ата-анасына Нұр-Сұлтан қаласынан келген 24 жасар азаматша оқшауланды. Науқастың жағдайы қалыпты.
Қазіргі таңда қажетті қауіпсіздік шаралары жүргізілуде. Науқаспен байланыста болған 21 адам анықталып, олар да оқшауланды (оның алтауы жақын туысы).
Бүгінде қалада жалпы коронавируспен 12 адам тіркелді.
Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Айгүл Бекбауова мәлімдеді.