​Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты

0
624

Сауығып шыққан 18-ші азамат - «Тәуелсіздікке - 20 жыл» тұрғын алабының тұрғыны.


​Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты

Шымкентте тағы бір науқас коронавирустан жазылып шықты. Сауығып шыққан азамат - «Тәуелсіздікке - 20 жыл» тұрғын алабының тұрғыны, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Дертінен сауыққан жігіттен дәрігерлер 6 сәуір күні коронавирус инфекциясын анықтап, 24 жастағы азамат вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияның толық курсын алған.

Емдеу терапиясынан кейін науқастан анализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткеннен кейін 23 сәуір күні ауруханадан шығарылды.

Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы аурулар ауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 18 науқас дертінен айығып шықты.