Шымкентте тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық ақпараттандыру орталығы ашылды

0
401

Енді қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын, сұрақтарын, арыз-шағымдарын телефонға қоңырау шалу арқылы жеткізе алады.


Шымкентте тәулік бойы жұмыс істейтін медициналық ақпараттандыру орталығы ашылды

Шымкент қаласында «Медициналық ақпараттандыру орталығы» (call center) ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған орталықтың мақсаты – денсаулық сақтау саласы мен денсаулық сақтау мекемелері қызметін тұрғындар игілігі үшін барынша оңтайландыру.

Енді қала тұрғындары денсаулық сақтау саласына қатысты ұсыныстарын, сұрақтарын, арыз-шағымдарын телефонға қоңырау шалу арқылы жеткізе алады. Орталықтың байланыс нөмері 8(7252)-41-75-03.
Білікті мамандармен толыққан орталық тәулік бойы пациенттер мен медицина қызметкерлері арасындағы кері байланысты ұйымдастырады.
Орталықта медициналық ұйымдардың тоқсан сайынғы рейтингтері қадағаланатын болады. Оның көмегімен әрбір медициналық мекемелер мен ұйымдардың олқылықтарын түзете отырып, халыққа дер кезінде медициналық жәрдем көрсетілмек.