Шымкентте тепловоз бен жүк көлігі соғысты

0
933

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.


Шымкентте тепловоз бен жүк көлігі соғысты

фото: әлеуметтік желіде тараған видеодан алынды
Шымкент қаласының Елтай шағынауданында тепловоз және "Volvo FH12" жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

“Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды”, - делінген баспасөз хабарламасында.