Шымкентте той жасауға қашан рұқсат беріледі?

0
2 129

"Отбасылық шара өткізуге рұқсат берілмесе де, үйінде той жасап жүр."


Шымкентте той жасауға қашан рұқсат беріледі?

Шымкентте той өткізуге рұқсат жоқ. Өйткені қаладағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дәл осылай деп ҚР Шымкент қаласы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысы Ә.Төлебаев баспасөз брифингінде мәлімдеді.

"Қазір көпшілігінің ең бірінші сұрағы осы. Той өткізуге қашан рұқсат беріледі? Қазір рұқсат жоқ. Адамдардың көп шоғарлануынан, сақтақ шарасын жасамаудан індет жұқтырғандар саны артып барады. Кейбіреулер бұл дертке әлі де сенбей жатыр. Зертханалық тексеру растап отырса, басқа қандай дәлел керек? Қазір өлім дерегі де артып барады. Қала тұрғындары отбасылық шара өткізуге болмайтындығына қарамай той өткізіп жүр. Оған 20-30 адам ғана жиналмайды. 500,600 адамнан кем келмейді. Қоғамдық көліктерде де адамдар бетпердесіз жүр. Әрі автобус ішінде адам тіпті де көп. Бұлай болмайды", - дейді Ә.Төлебаев.

Естеріңізге сала кетейік, дәмханалардың жұмыс істеу уақыты түнгі 23:00-ге дейін ұзартылды. Азық-түлік емес дүкендері болса кешкі 19:00-ге дейін қызмет етеді.

Бірақ, сыртқы демалыс орындары мен тойханалар, лагерьлердің жұмысын бастауына рұқсат жоқ.