​Шымкентте «ТӨЛЕМ» электрондық төлемақы жүйесі 15 қазаннан бастап іске қосылады

0
1 488

Бұл жүйе, мемлекетке де, тасмалдаушыларға да, жүргіншілерге де тиімді.


​Шымкентте «ТӨЛЕМ» электрондық төлемақы жүйесі 15 қазаннан бастап іске қосылады

Шымкент қаласында қоғамдық көліктерді электрондық төлемақы жүйесі іске қосылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жүйе «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мен қоғамдық көліктің қызметін жақсарту және жолаушыларға қолайлы жағдайларды жасау мақсатында іске асырылуда. Оған мемлекеттен ешқандай қаржы бөлінбеген. Ол «QazSmartTrans» ЖШС жеке инвестициялар есебінен іске асырылады. Инвестициянын көлемі 1,2 млрд. теңгені құрайды.


Қоғамдық көлікте жол жүру төлемақысын төлеу үшін көлік карталардын 4 түрі қарастырылған:

  • Стандартты – кез келген қала тұрғыны мен қонақтары бір реттік төлем картасын сатып алу арқылы қолдана береді.
  • Мектеп оқушыларына арналған карта тікелей баланың ата-анасының телефонына СМС ретінде барады. Ол оқушының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Осылай ата-ана баласының қай көлікке мінгенін, қай жерде келе жатқанын біліп отыратын болады.
  • Студенттер арнай жеңілдікпен 50 теңгелік жол картасы іске қосылады.
  • Жеңілдік картасы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, көп балалалы аналарға, ардагерлерге қарастырылған.

Көлік картасының бағасы 500 теңге. Оны қаладағы 3000 жуық дүкеннен сатып алуға болады. «QazSmartTrans» ЖШС-гі тарапынан14 мың көлік карта Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне, тыл еңбеккерлеріне Батыр ана, Алтын алқа, Күміс алқа төс белгілерімен марапатталғандарынажәне І - топтағы көру қабілеті нашар зағип жандарға тегін таратылады. Онда ол азаматтардың аты-жөні жазылып, суреттері қойылады. Ол өзіне тиесілі картаны тек өзі ғана қолдануы үшін арнайы жасалған.

Жолаушылар көлік картасымен, SMS, QR-кода, смартфонды (NFC) қолдана отырып, жол жүру ақысын төлеуге мүмкіндік береді.

Жүйені көлік карталары арқылы қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде қазіргі қолданатын тарифпен төлейді. Олай төлеу кезінде тариф құны 100 теңгеге тең болады.

Бүгінгі танда, жүйені енгізу үшін көлік компанияларымен шарт жасалды, автобустарға валидаторларды орнату жұмыстары жүргізілуде.Сонымен қатар, смартфон пайдаланушыларына арналған «Open Shymkent» мобильдік қосымша әзірленді, тұрғындарға тиісті мәліметті беру үшін 4 операторы бар CALL-орталығы ашылды (орталықтың нөмері 8 775 811 2222).

Бекітілген кестеге сәйкес ағымдағы жылдың 30 қыркүйекке дейін автобустарға валидаторлар толығымен орнатылады, жүйені іске қосу 2020 жылы 15 қазан күні жоспарланған. Электронды жүйе қаладағы 700 қоғамдық көлікке қойылуы керек. Қазіргі таңда 300-ден астамына қойылды.

Жаңа жоба аясында 22 адам жұмыс істеп жатыр, алдағы уақытта бұл сан артады. Бұл жүйе, мемлекетке де, тасмалдаушыларға да, жүргіншілерге де тиімді, - дейді жауапты мамандар.