Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, мүгедек тұрғын көз жұмды

0
1 062

Қайғылы жағдай Шымкент қаласы Қызылсай елдімекенінде орын алған.


Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, мүгедек тұрғын көз жұмды

Шымкентте тұрғын үйден өрт шығып, мүгедек ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 қаңтар күні сағат 12:30-да шұғыл кезекшілердің басқару пультіне жеке тұрғын үйдің ауласында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 15 адамнан құралған жеке құрамы мен 4 техникасы, жедел-тергеу кезекші тобының 3 қызметкері жұмылдырылған. Алайда, тілсіз жауды тұрғындар өрт сөндірушілер келгенше өшіріп қойған.

«Жалын 12 шаршы метр аумақты шарпыған. Үй ішіндегі төсек-орын жабдығы жанған. Оқиға орнынан 1956 жылы туған мүгедек ер адамның денесі табылды. Өрттің шығу себебі, болжам бойынша - сақтық шараларын сақтамай темекі шегу болып отыр», - делінген хабарламада.

дереккөз: ҚазАқпарат