Шымкентте "Туристік клуб" ашылады

0
1 115

Аталған клубқа белсенді қала жастары мен студенттер және еріктілерді жұмылдыру көзделіп отыр.


Шымкентте

Шымкент қаласында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2020 жылдың екінші жартысында «Туристік клуб» ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған клубқа белсенді қала жастары мен студенттер және еріктілерді жұмылдыру көзделіп отыр. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингте Туризм басқармасы басшысының м.а Азамат Мұратбекұлы Қалқабаев мәлімдеді.

Мәдени астана жылында шаһарға келушілерге сапалы қызмет көрсетіп, туристік бағыттарды ұйымдастыру бойынша қалалық туризм басқармасының бастамасымен туристік индустрия өкілдеріне біліктілікті арттыру тренингі ұйымдастырылуда.

–Ағымдағы жылдың ақпан айында қаланың гид-экскурсоводтары арнайы семинар-тренингке қатысты. Қазірде қонақ үй қызметкерлері мен менеджерлер және өзге де қызмет көрсету мамандарын оқытуды жалғастырып жатырмыз, - деді басқарма басшысының міндеті атқарушы.