​Шымкентте түрмеден қашпақ болған азамат ұсталды

0
1 149

Сотталушыға әскери бөлімде қызмет ететін қатардағы сарбаз тосқауыл болған.


​Шымкентте түрмеден қашпақ болған азамат ұсталды

иллюстрациялық фото: novosti-mk.org

ERNUR.KZ. Шымкенттегі қатаң режимдегі ИЧ 167/2 түзеу клоноиясынан босап кетпек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ tvk-uko.kz арнасына сілтеме жасап.

Сотталушыға әскери бөлімде қызмет ететін қатардағы сарбаз тосқауыл болған.

Оқиға қауіпсіздігі барынша жоғары Шымкенттегі 167/2 түзеу мекемесінде маусымның 28 күні болған. Жұрттың бәрі шырт ұйқыда жатқан таңғы сағат 5:25 шамасында қауіпті қылмыскер колонияның қоршауынан әрі асып, қашпақ болған. Сотталушының тыйым салынған аймаққа өтіп кеткенін байқаған Дастан Исенов алғашында қылмыскерге «тоқта» деп белгі берген. Ескертуді елемеген соң қатардағы жауынгер қарумен аспанға оқ атқан. Осы сәтте қауіпті қылмыскер тоқтауға мәжбүр болған. Түрме қызметкерлері дер кезінде қашпақ болған азаматты құрықтаған.