Шымкентте Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді

0
1 224

Ұлттық ұланның 6506 әскери бөліміне қарасты 70 жастан асқан ардагерлеріне құрмет көрсетілді.


Шымкентте Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Шымкент қаласындағы Ұлттық ұлан ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 қазан — Халықаралық қарттар күніне орай Ұлттық ұланның 6506 әскери бөліміне қарасты 70 жастан асқан ардагерлеріне құрмет көрсетілді.
Іс-шара барысында әрбір ардагерге домбырамен ән шырқалып, әскери бөлім командирі Бауыржан Қабылбековтің атынан марапаттар мен бөлімнің Әйелдер кеңесі атынан азық-түлік пакеттері табысталды.
Айта кетерлігі, бүгінгі іс-шара барысында бөлімнің 14-ке жуық ардагері ерекше құрметке ие болды.