​Шымкентте ұн өнімдері мен нан қымбаттады

0
5 065

Соңғы күндері ұннан жасалған өнімдердің барлығы қымбаттады.


​Шымкентте ұн өнімдері мен нан қымбаттады

ERNUR.KZ. Бір бөлке нанның бағасы 10-15 теңгеге өсіп, 50 теңгеден 65 теңгеге дейін қымбаттады, деп жазады Baq.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы күндері ұннан жасалған өнімдердің барлығы қымбаттады.

«Нан қауымдастығы» ҚБ төрағасы Әбдімәлік Көмекбаев бағаның өсуі ұн мен коммуналдық қызмет төлемдерінің бағасы қымбаттауымен байланысты екенін айтты. Егер жергілікті билік наубайшыларға ұнды әлеуметтік бағамен беруді қайта қолға алса, нан бағасы да бұрынғы қалпына келетінін айтты.

«Әкімдік бізге ұнды әлеуметтік бағамен берген кезі болған, яғни субсидиялап, арзан бағада берген. Бұл істі қайта жаңғыртса, біз де нан бағасын қайтадан арзандатамыз», - дейді ол.