​Шымкентте үш басқарманың атауы өзгертілді

0
168


​Шымкентте үш басқарманың атауы өзгертілді

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Ғ.Әбдірахымовтың қатысуымен мәслихаттың кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтіп, онда Шымкент қаласының басқару схемасына өзгерістер енгізілді, ERNUR.KZ Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сессия жұмысында сөз алған қала әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұлов жұмысты жүйелендіріп, нәтижелі жұмыс атқару мақсатында басқару схемасына бірқатар өзгерістер енгізу қажеттілігі туындап отырғанын атап өтті.

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Шымкент қаласында «Ақылды қала» жобасы енгізілуде. Ал ағымдағы жылы «ақылды технологиялар» 12 саланы қамтыса, 20-дан астам жоба іске асырлатын болады. Осыған орай, Шымкент қаласының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасын, Шымкент қаласының цифрландыру басқармасы етіп өзгертуді.

Ал, Елбасының туризм саласын дамыту тапсырмасы негізінде, Шымкент қаласының туризм және сыртқы байланыстар басқармасының сыртқы байланыстар функциясын әкім аппаратына беріп, Шымкент қаласының туризм басқармасы етіп атауын өзгертуді ұсынамын», - деді аппарат басшысы.

Бұдан бөлек, ол қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасын, Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы етіп өзгертуді айтты.

Күн тәртібінде көтерілген ұсынысты мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет