Шымкентте үш мыңнан астам адамның қатысуымен марафон өтті

0
1 163

Марафон төрт қашықтық бойынша ұйымдастырылған.


Шымкентте үш мыңнан астам адамның қатысуымен марафон өтті

Шымкент қаласында жүгіруден жылдың ең ірі спорттық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 29 қыркүйегі күні үшінші мегаполисте «Шымкент Марафон 2019» атты жүгіруден бұқаралық марафоны өтті. Атап айтсақ, жүлде қоры 5 млн. теңгені құрайтын іс-шара 4 арақашықтық бойынша ұйымдастырылып, Қазақстан мен ТМД елдерінен үш мыңнан астам адам қатысқан.

Сондай-ақ, марафонға арнайы қатысқан қала әкімі Ерлан Айтаханов тұрғындарды салауатты өмір салтын сақтауға шақырып, ең жас және ең үлкен қатсушылар мен жеңімпаздарды марапаттады.


Айта кетейік, аталған спорттық шара «Royal», «Kasiet» фитнес клубтары және «Evrika» сауда үйінің ұйымдастыруымен өткен.